Теннисші Воскобоева Мәскеуде өткен жұптық турнирде финалға жолдама алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейлік теннисші Александра Панова мен қазақстандық спортшы Галина Воскобоева Мәскеуде өткен жұптық турнирде швейцариялық Ксения Нолл мен швециялық Йоханна Ларссонды жеңіп, - 6/4, 2/6, 11:9 есебімен финалға жолдама алды. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды.
Кездесу 1 сағат 38 минутқа созылды. Александра мен Галина допты беру кезінде 5 рет қателік жіберіп, 3 брейк және 2 эйс жасады. Нолл мен Ларссон болса, қарсыластарының берген добын үш рет қабылдап алып, 2 эйс және 5 рет қос қателік жіберді.
Moscow River Cup жарысының финалында жұптық разрядта Панова мен Воскобоева Вера Звонарева мен Анастасия Потаповамен немесе Катерина Козловамен және Наталья Вихлянцевамен айқасады.