Теннисші Я.Шведова Истборнда іріктеудің екінші кезеңіне өтті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Британиялық Истборнда әйелдер арасындағы WTA сериясындағы теннис турнирі басталды, деп хабарлады Sports.kz.
Қазақстандық Ярослава Шведова бірінші кезеңдегі матчта АҚШ өкілі Луиза Чириконы 6:3, 6:1 есебімен жеңді.
Финалға шығу үшін Шведова бельгиялық Алисон Ван Уйтванкпен сайысқа түседі.