17:40, 27 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Теннисші Юрий Щукин Словакияда өтіп жатқан Челленджер сериясының Trnava турнирінің ақтық бәсекесінде сүрінді
АСТАНА. Қыркүйектің 27-сі. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Юрий Щукин Словакияда өтіп жатқан Челленджер сериясының Trnava турнирінің ақтық бәсекесінде сүрінді.
Бұл ақпаратты ҚР Теннис Федерациясының баспасөз қызметінен хабарлады.
«Қазақстандық Юрий Щукин Словакияда өтіп жатқан Челленджер сериясының Trnava турнирінің финалында чех спортшысы Ярослав Поспишилядан ұтылды. Ойын қорытындысы - 4:6,6:4, 3:6», делінген баспасөз хабарламасында.
Айта кетейік, турнирдің жүлде қоры 64 мың еуроны құрайды.