Теннисші Зарина Дияс Қытайда ITF турирінің жартылайфиналына өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Цюаньчжоу қаласында өтіп жатқан ITF турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Теннисші Зарина Дияс Қытайда ITF турирінің жартылайфиналына өтті

Ширек финалда Дияс турнирдің жетінші ракеткасы қытайлық спортшы Кванг Вангті - 6:4, 1:6, 6:1 есебімен жеңді.

Жартылай сында қазақстандық теннисші өзінің бұрынғы жерлесі, қазір Ресей құрамасына қайта ауысқан Ксения Первакпен кездеседі. Ол ширек финалда қытайлық Ю-Фан Хуны - 6:3, 6:2 есебімен тізе бүктірген болатын.

Айта кетейік, турнирдің жалпы сыйақы қоры 50 мың АҚШ долларына тең.