Теннистен ӘЧ іріктеу: Қазақстан Жаңа Зеландияны ойсырата ұтты

None
Фото: Қозоғистон теннис федерацияси
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхиты аймағы бойынша өтіп жатқан әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдері Жаңа Зеландияны 3:0 есебімен ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жасөспірімдер командасы D тобында бастапқы кездесуінде Жаңа Зеландия құрамасымен шеберлік байқасты.

Алдымен Заңғар Нұрланұлы 58 минутта Фин Уилманды тізе бүктірді – 6:0, 6:1.

Әмір Омарханов та қалыспай, Кай Милборнды 6:1, 6:2 есебімен ұтты. Содан кейін Әмір Дамир Жалғасбаймен бірге жұптық сында қарсыластарын қапы қалдырды – 6:3, 6:2.

Ертең, 9 мамыр күні қазақстандықтар Өзбекстан командасымен кортқа шығады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионаты іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдерінің қарсыласы анықталғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина әлемдік рейтингіде рекордтық орынға көтерілді.

11 жасар қазақстандық теннисші Испаниядағы турнирдің жеңімпазы атанды.

Елена Рыбакинаның Рим мастерс турниріндегі қарсыласы анықталды.


Соңғы жаңалықтар