Теннистен ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы Брисбенде жаттығып жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Аустралияның Брисбен қаласында теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының іріктеу турниріне қызу жаттығуға кірісті.

Қазақстан әйелдер құрамасы Брисбенде жаттығып жатыр
Фото: ҚТФ

Қазақстандықтар D тобында 10 сәуір күні Аустралиямен, 11-інде Колумбиямен ойнайды. 
Үміткер үшеу болғанымен, әр топтан жеңімпаз ғана командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Қазақстан намысын айтулы додада Елена Рыбакина, Юлия Путинцева, Зарина Дияс, Анна Данилина және Жібек Құламбаева қорғайды. Команда капитаны — Юрий Щукин.

Қазақстан әйелдер құрамасы Брисбенде жаттығып жатыр
Фото: ҚТФ

— Біз жоғары мақсат қойып отырмыз, барымызды салып, жаттығудамыз. Аустралия, Колумбиямен матчтар оңайлыққа түспейді. Дегенмен біздің құрам мықты, команданың ішкі ахуалы да жақсы, — деді Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 18-ракеткасы Анна Данилина.

Жібек Құламбаева Жеңіске мүмкіндік көп екенін айтты.

Қазақстан әйелдер құрамасы Брисбенде жаттығып жатыр
Фото: ҚТФ

— Құрамада болу — қашанда мақтаныш. Үздік өнерімізді көрсетіп, командаға жақсы нәтижеге жетуге көмектескіміз келеді. Осы кезеңнен табысты өту үшін бізде барлық мүмкіндік бар, — деп қосты Жібек Құламбаева.

Қос кездесу де Патрик Рафтер атындағы аренада өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Дмитрий Попконың Қазақстанның үшінші ракеткасы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық жас теннисші Өзбекстандағы жарыстың чемпионы атанды.

Соңғы жаңалықтар