Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдер құрамасы Эквадорға жол берді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Чехияның Простеев қаласында теннистен 14 жасқа дейінгілер арасында командалық әлем чемпионаты өтуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер бастапқы матчын Эквадор құрамасымен өткізді.

Бірінші кездесуде Дамир Жалғасбай Тито Чавеске есе жіберді - 4:6, 2:6.

Заңғар Нұрланұлы Лукас Юнесті 6:3, 6:3 есебімен тізе бүктіріп, таразы басын теңестірді - 1:1.

Үшінші жұптық бәсекеде Заңғар мен Дамир Эмилио Камачо - Тито Чавестен айласын асыра алмады - 3:6, 3:6.

Осылайша, 2:1 есебімен Эквадор жеңіске жетті.

Ертең, 2 тамыз күні қазақстандық жасөспірімдер Аргентина құрамасымен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын әлем чемпионатында Қазақстан жасөспірімдер құрамасының қарсыластары анықталғанын , Анна Данилинаның әлемдік рейтингіде 19-орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар