Теннистен ӘЧ: Қазақстан жасөспірімдері іріктеу турнирін жеңіспен бастады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында 16 жасқа дейінгілер арасында Азия – Тынық мұхит аймағы бойынша әлем чемпионатының іріктеу турнирі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарыстың алғашқы күні Қазақстан қыздар командасы В тобында Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен ұтты.

Бірінші ойында Ариана Гогулина Нгуенді 6:1, 6:0 есебімен тізе бүктірді. Полина Слепцова Нгоны 6:1, 6:3 есебімен ұтты. Жұптық сында А.Гогулина Анастасия Крымовамен бірге апалы-сіңлілі Нголардан 6:3, 6:0 есебімен басым түсті.

Осылайша, Ярослава Шведованың шәкірттері өз тобында көш бастады. Ертең қазақстандық қыздар Иран құрамасымен сынға түседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан қыздар құрамасының қарсыластары анықталғанын жазған болатынбыз.


Соңғы жаңалықтар