Теннистен ӘЧ: Шымкентте жасөспірімдер арасында іріктеу турнирі өтеді

теннис
Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM - Шымкентте екінші жыл қатарынан 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында Дэвис кубогі мен Билли Джин Кинг кубогінің Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша іріктеу турнирі өтеді.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, 13-25 мамырда болатын додада Қазақстаннан басқа Аустралия, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан, Тайбэй, Гонконг, Иран, Индонезия, Жаңа Зеландия, Өзбекстан, Иордания, Малайзия, Таиланд, Вьетнам және Шри-Ланка құрамалары бақ сынайды.

Қазақстан құрамасы сапында мына ойыншылар қатысады.

Бозбалалар:

1.Заңғар Нұрланұлы (Түркістан),

2.Дамир Жалғасбай (Алматы),

3.Даниэль Тазабеков (Шымкент).

Капитаны: Сергей Квак.

Қыздар:

1.Ариана Гогулина (Астана),

2.Альбина Кәкенова (Астана),

3.Ева Корышева

(Ақтөбе),

4.Сәтима Төреген, қосымша ойыншы (Алматы).

Капитаны: Ярослава Шведова.

Өткен жылы 16 жасқа дейінгі Қазақстан жасөспірімдер құрамалары өз тарихында алғаш рет командалық әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алған еді.

Әр іріктеу сайысына 16 команда қатысады. Әр топтан екі құрама плей-офф кезеңіне шығып, жолдамаларды сарапқа салады. Биыл Азия - Тынық мұхит аймағы бойынша жартылай финалға шыққан командалар әлем чемпионатына жолдама алады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Айша Сайранның Азия теннис рейтингінде 16 жасқа дейінгілер арасында көш бастағанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар