Теннистен «Almaty Futures» халықаралық турнирінің екінші кезеңі өтіп жатыр
АЛМАТЫ. 12 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыдағы «Gorky Tennis Park» кортында «Almaty Futures» халықаралық турнирінің екінші кезеңі өтіп жатыр. Олардың арасында қазақстандық Данил Браун да бар.
Ол енді ресейлік Михаил Фуфугинді ұтса, ширек финалға жолдама алатын болады. Бұған дейін Данил алғашқы айналымда тағы бір қазақстандық спортшы Антон Саранчуктан 6:4, 6:2 есебімен басым түскен еді. Ал оның қарсыласы Михаил болса өз отандасы С.Кротюкті 5:7, 6:4, 7:6 есебімен ұтқан.
Жалпы 14 жастан ересектер арасындағы бұл дода Қазақстан Теннис федерациясының күнтізбесінде жоғары дәрежелі турнир саналады. Оған қазақстандықтардан басқа Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Жапония, Италия, Беларус, Украина және Польша мемлекеттерінің теннисшілері қатысуда.