Теннистен "Алматы СПА Резорт Опен" турнирі өтеді

АЛМАТЫ. 5 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Алматыда 5 қараша күні биыл күрделі жөндеу жұмыстарынан кейін қайта ашылған "Алматы" сауықтыру СПА курортында кәсіпқой және әуесқой ойыншылар үшін 4 теннис корттарының ашылу рәсімі өтеді.

Теннистен "Алматы СПА Резорт Опен" турнирі өтеді

Оған қалалық теннис федерациясының президенті Марат Баймұхаметов пен ҚР Теннис федерациясының бас бапкері Эрик ван Харпинг шақырылып отыр. Ал 7 қараша күні онда әуесқой теннисшілер арасында Сауықтыру СПА курортының жүлдесі үшін "Алматы СПА Резорт Опен" турнирі өтеді. Бұл жарыста ерлер мен әйелдер жекелей сында ғана өнер көрсетпек. Үздік шыққандар арнайы сый-сияпаттармен және дипломдармен марапатталмақ.