Теннистен ATP 250 турнирі Астанадан Алматыға ауысты
Кәсіби теннисшілер қауымдастығы ATP 250 турнирі алғаш рет Астанадан Алматыға ауыстырды, деп хабарлайды Kazinform.
ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, АTP сайтында жарияланған күнтізбеге сәйкес ATP 250 турнирі жылы 1320 қазан аралығында Алматыда өтетінін жариялады.
«Алматы АТР 250 сериясымен өтетін турнирді қабылдау құқығына заңды түрде ие болып отыр, өйткені өткен ғасырдың 20-шы жылдары осы қалада Қазақстан теннисі дами бастады. Almaty Open тек ауқымды спорттық шара болып қана қоймай, сонымен қатар турнир өтетін Almaty Arena аумағында мерекелік көңіл күй орнатып, ерекше күш-қуат сыйлауға жәрдемдеседі», - деп атап өтті Қазақстан теннис федерациясының президенті.
ATP 250 жарысы – шынында да әлемнің 30 елінде өтетін ауқымды спорт оқиғаларының бірі.
Аталған санатқа 40 турнир кіреді, онда жеңгендер ATP рейтингісінде 250 ұпайға ие болады.
Алдағы Almaty Open ATP турнирінің жүлде қоры 1 млн АҚШ долларынан асады.