Теннистен Билли Джин Кинг кубогінің финалдық турнирі Испанияда өтеді

None
Фото Қазақстан теннис федерациясынан
АСТАНА. ҚазАқпарат – Билли Джин Кинг кубогінің (әйелдер арасында командалық әлем чемпионаты) финалдық турнирі Испанияның Севилья қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, матчтар 7-12 қарашада жабық хард корттарында болады.

Бұдан бұрын финалдық кезеңге Қазақстан, Аустралия, Германия, Канада, Чехия, Италия, Испания, Словения, Франция, Швейцария және АҚШ құрамалары жолдама алған еді. Финалистер қатарына соңғы болып ұйымдастырушылардан арнайы шақырту (wild card) алған Польша командасы ілікті. Іріктеу кезеңінде поляк қыздары Астанада қазақстандықтардан жеңіліп қалған еді.

Барлығы 12 құрама төрт топқа бөлінеді. Жеңімпаздар жартылай финалға шығады. Жеребе 24 мамырға жоспарланған.

Сонымен қатар күзде Испанияның Кордоба қаласында жасөспірімдер арасында Билли Джин Кинг және Дэвис кубогінің финалдық сайыстары өтеді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын теннистен әлем чемпионаты іріктеу турнирінде Қазақстан жасөспірімдері Аустралиямен кездесетінін жазған едік.

Сондай-ақ Александр Бублик Рим мастерс турнирін сәтті бастады.

Юлия Путинцева Рим мастерс турнирінің екінші айналымына шықты.


Соңғы жаңалықтар