Теннистен Бирмингем турнирі: Юлия Путинцева ширек финалға жолдама алды

теннис
Фото: ҚТФ

БИРМИНГЕМ. KAZINFORM – Қазақстанның екінші, әлемнің 41-ракеткасы Юлия Путинцева Бирмингем (Ұлыбритания) WTA 250 турнирінің ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 47-ракеткасы, украиналық Ангелина Калининаның мысын басты.

Бірінші партияда 6:3 есебі тіркелді. Екіншісінде Путинцева тіпті бет қаратпады – 6:0.

Бір сағатқа жетпейтін уақыт ішінде Юлия 4 эйс, 4 брейкпен (7 брейк-пойнт) көзге түсті.

Юлия Путинцева ширек финалда әлемнің 32-ракеткасы, бельгиялық Элизе Мертенс немесе рейтингіде 61-орындағы америкалық Кэролайн Доулхайдтың жеңгенімен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Бирмингем турнирін жекелей сында да жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина алғаш рет Берлин турнирінің ширек финалына өтті.

Соңғы жаңалықтар
telegram