Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан Нидерланд құрамасынан жеңіліп қалды

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Шотландияның Глазго қаласында Дэвис кубогы финалдық кезеңінің топтық бәсекесінде Қазақстан Нидерланд құрамасынан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Екінші бәсекеде әлемнің 35-ракеткасы Ботик ван де Зандсхулп пен рейтингте 44-орында тұрған Александр Бублик кортқа шықты.

Бұл - олардың өзара алғашқы кездесуі еді.

Бірінші партияда қазақстандық теннисші брейкпен алға шықты – 3:1. Ақыры сол басымдылығын сақтап қалды – 6:3.

Екінші сетте нидерландық спортшы алға кетті – 2:0. Содан соң қарқынын үдетті – 6:1.

Үшінші партияны Бублик сәтсіз бастағанымен, қайыра брейк жасады – 1:1.

Алайда жетінші геймде 40:0 есебімен алда тұрып, қарсыласының брейк жасауына мүмкіндік беріп қойды – 3:4. Сосын Ботик матчқа доп бергенде қателескен жоқ – 6:4.

Тартысты матч екі сағатқа созылды.

Осылайша матчта Нидерланд 2:0 есебімен алға шығып, жеңіске жетті.

Енді жұптық кездесу ойналса да, ештеңені шешпейді.

15 қыркүйек күні қазақстандық теннисшілер АҚШ құрамасымен күш сынасады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Словениядағы жарысты жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-аөқ Дэвис кубогында Қазақстан – Нидерланд матчында Михаил Кукушкин есе жіберді.

Соңғы жаңалықтар