Теннистен Дэвис кубогы: Қазақстан үшінші себетке түсті

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткендей, топ құрамдары 31 наурызда Лондонда өтетін жеребеден кейін белгілі болады.
Дэвис кубогы – әлем чемпионатының топтық кезеңі қарсаңында командалар төрт себетке бөлінді.
Себеттер құрамы:
Бірінші: Хорватия, Испания, Франция, АҚШ;
Екінші: Германия, Италия, Канада, Ұлыбритания;
Үшінші: Қазақстан, Бельгия, Сербия, Аргентина;
Төртінші: Швеция, Аустралия, Нидерланды, Оңтүстік Корея.
Жеребе 31 наурыз күні елорда уақытымен сағат 20.00-де тартылады.
Осылайша, 14-18 қыркүйек аралығында Болонья (Италия), Гамбург (Германия), Глазго (Ұлыбритания) және Малага (Испания) қалаларында 16 құраманың ішінен үздік сегіздік анықталады. Содан кейін 23-27 қарашада үздік сегіз құрама арасынан Дэвис кубогының жеңімпазы – 2022 жылғы әлем чемпионы белгілі болады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жас теннисшінің Еуропа рейтингісінде 20 апта бойы көш бастап келе жатқанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Михаил Кукушкин екінші айналымға өтті.