Теннистен халықаралық турнир: Я. Шведова екінші айналымда ресейлік Е.Куликовамен кездеседі
АСТАНА. Маусымның 22-сі. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Уимблдонда 30-шы нөмірда өнер көрсететін Ярослава Шведова (WTA рейтингінде 29-шы) Словениядан келген Полону Херцогті (WTA рейтингісі бойынша 51-ші) жеңді.
Матч қорытындысы - 6:1,6:4. Енді Ярослава Шведова екінші айналымда ресейлік Егина Куликовамен кездеседі, деп хабарлайды ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі.
Қазақстанның тағы бір өкілі Михаил Кукушкин сыйлық қоры 30 мың еуроны құрайтын Германиядағы Челленджер турнирінің екінші айналымына шықты. Михаил Кукушкин испандық Педро Клар-Росселоны 6:1, 6:4 есебімен ұтты. Оның келесі қарсыласы испандық Даниэль Муноз - Де Ла Нава немесе Польша өкілі Ярзи Янович болады.