Теннистен ХХ жазғы Азия ойындарында Қазақстан қоржынына 2-жүлде түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында теннистен жартылай финал матчтары өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Әйелдер арасында жұптық сында Юлия Путинцева мен Анна Данилина финал жолдамасын Тайпей өкілдері Эн Шуо Лиан және Су-вэй Хсиемен сарапқа салды. Аса тартысты өтіп, тай-брейкке дейін созылған ойында қарсыластар басым түсті. Есеп: 6-7 (3-7), 6-7 (5-7).
Осылайша, Анна мен Юлия Азия ойындарының қола жүлдегері атанды.
Бұл теннистен Қазақстан командасының еншісіндегі 2-медаль. Осыған дейін Юлия Путинцева жекелей сында қолаға қол жеткізген.
Осыған дейін Данилина мен Путинцеваның жартылай финалға жолдама алғаны туралы жаздық.