Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Азия ойындарының «алтын» жүлдесін иеленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Теннистен Қазақстан ерлер құрамасы Оңтүстік Кореяның Инчхон қаласында өтіп жатқан Жазғы Азия ойындарының финалында Қытай командасынан 2:0 есебімен басым түсіп, еліміздің қоржынына алтын жүлде салды.
Александр Недовесов пен Михаил Кукушкин өз қарсыластарынан айласын асырды, деп хабарлады sports.kz.
Осыған дейін дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлетші Маргарита Елисеева, Қазақстанның траптан әйелдер құрамасы мен жүзуші Дмитрий Баландин екі мәрте Қазақстан қоржынына алтын медаль салған болатын.