Қазақстан құрамасы теннистен Билли Джин Кинг турниріндегі алғашқы матчта жеңіске жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Аустралияның Брисбен қаласында Билли Джин Кинг кубогының іріктеу турнирі өтіп жатыр.

Теннистен Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг турнирін жеңіспен бастады
Фото: ҚТФ

D тобында Қазақстан мен Аустралия командалары арасында матчта алғашқы болып кортқа Юлия Путинцева мен Майя Джойнт шықты. 

Теннистен Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг турнирін жеңіспен бастады
Фото: ҚТФ

Қазақстандық теннисші әлемнің 23-ракеткасы болса, 18 жастағы қарсыласы 78-сатыда еді.

Ю.Путинцева М.Джойнтты 6:2, 6:1 есебімен ойсырата ұтты.

Бір сағат 15 минутқа созылған бәсеке барысында Путинцева 9 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. М.Джойнт 1 эйспен ғана шектелді.

Енді келесі матчта Елена Рыбакина Кимберли Бирреллмен ойнайды.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның алдағы жарыста қазақстандықтардың қолдауы өте маңызды екендігі туралы айтқанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар