Теннистен Қазақстан жасөспірімдер құрамасы әлем чемпионатының жолдамасы үшін таласады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның Нью-Дели қаласында өтіп жатқан Juniors Davis Cup кубогының (командалық әлем чемпионаты) іріктеу сайысында Қазақстан жасөспірімдер құрамасы үшінші орынға Аустралия командасымен таласады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, қазақстандық жасөспірімдер жартылай финалда корт иелері – Үндістан құрамасына жол берді.

Есеп 2:0 болып, үндістандықтардың пайдасына шешілді.

Егер қазақстандықтар Аустралияны жеңсе, онда үздік үш команданың бірі ретінде алғаш рет әлем чемпионатының финалдық кезеңіне жолдама алады.

Бұдан бұрын осы қалада Билли Джин Кинг кубогының іріктеу сайыстарында қазақстандық жасөспірім қыздар құрамасы ширек финалда аустралиялықтарға есе жіберіп, жарыс қорытындысында бесінші орынға табан тіреген еді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Қазақстан – Германия матчы басталатынын, Юлия Путинцеваның Қазақстанды алға шығарғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Қазақстан – Германия матчында есепті 2:0-ге жеткізді.

Юлия Путинцева Билли Джин Кинг кубогында Қазақстан рекордына қол жеткізді.


Соңғы жаңалықтар