Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогы рейтингінде 9-шы орынға көтерілді

АЛМАТЫ. 13 шілде. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Халықаралық теннис федерациясының деректеріне қарағанда, Қазақстан Дэвис кубогының жаңартылған рейтингінде 9-шы орын алды. Ширек финалында Аргентинаға ойсырай ұтылғанына қарамастан Қазақстан 12-ші орыннан 9-шы орынға көтеріліп отыр.

Теннистен Қазақстанның ерлер құрамасы   Дэвис кубогы рейтингінде 9-шы орынға көтерілді

Онда Испания мен Сербия өз орнын сақтап қалса, Чехияны 5-ші орынға сырғытқан Франция үздік үштікке еніп, Аргентина бір саты жылжып 4-ші орынға табан тіреді. Одан кейнгі орындағы АҚШ, Ресей, Германия құрамалары өз орнын сақтап қалды. Ал Қазақстан бұл жолы Израиль, Хорватия және Швецияны басып озып отыр.