Теннистен Қазақстанның қыздар құрамасы «Азия-Тынық мұхит елдері» аумағының 1-ші тобына өтті

АСТАНА. Ақпанның 9-ы. ҚазАқпарат – Теннистен Қазақстанның ұлттық қыздар құрамасы Австралияның Перт қаласында өткен Федерациялар Кубогының ойындарында Гонконг құрамасын 3:0 есебімен жеңіп, «Азия-Тынық мұхит елдері» аумағының екінші тобынан бірінші тобына шықты,
None
None
деп хабарлады ҚазАқпаратқа Қазақстанның Теннис федерациясының баспасөз қызметінен. Бірінші топтың матчтары 2010 жылы өтеді. Перт қаласында ақпанның 3-і мен 7-сі аралығында өткен ойындарда Қазақстан, Сингапур, Гонконг және Иран командалары «Азия-Тынық мұхиты елдері» аумағының бірінші тобына шығу үшін таласты. Федерациялар Кубогында Қазақстан құрамасының қатарында Ярослава Шведова, Галина Воскобоева, Валентина Старкова, Зарина Диас және команда капитаны Мәдина Рахым ойын көрсетті. Қазақстан құрамасы Сингапур, Иран және Гонконг құрамаларын 3:0 есебімен жеңді.
Соңғы жаңалықтар