Теннистен Қазақстанның қыздар құрамасы Оңтүстік Корея командасын 2:1 есебімен жеңді

АСТАНА. 4 ақпан. ҚазАқпарат - Таиландта өтіп жатқан Федерациялар кубогында Қазақстанның теннисші қыздары «В» тобында Оңтүстік Корея командасын 2:1 есебімен жеңді,
None
None

деп хабарлады ұлттық Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.

Бірінші кездесуде қазақстандық Зарина Диас 6:2, 6:1 есебімен оңтүстіккорейлік Уе-Ра Лиді жеңсе, Қазақстанның атынан өнер көрсетіп жүрген Сесиль Каратанчева екінші матчта Со Жанг Кимнен 7:5, 6:4 есебімен басым түсті.

Үшінші шешуші ойында қазақстандық қыздар Галина Воскобоева мен Зарина Диас На-Ри Ким/Со-Жанг Ким жұбын 6:4,6:0 есебімен жеңді.

Сенбі, 5 ақпанда Қазақстанның қыздар құрамасы Таиланд командасымен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар