Теннистен ҚР қысқы чемпионатының жеңімпаздары анықталды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тимур Хабибулин мен Арина Талуенко теннистен Қазақстан қысқы чемпионатының жеңімпаздары атанды, деп хабарлады ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметінен.
Ерлер арасында ақтық сынға шыққан Тимур Хабибулин қарсыласы Дмитрий Попкодан 6:4, 6:7 есебімен басым түсті. Сондай-ақ чемпионаттың финалында кездескен бұл спортшылар жұптық сында да бірге өнер көрсетіп, қарсыластары Болат Мамыр мен Павел Петровты 6:1, 6:2 есебімен ұтып кетті.
Ал әйелдер арасында үздік шыққан Арина Талуенко ақтық сында Дарья Шевченконы 3 сетте 6:4, 6:7(5), 6:0 есебімен тізе бүктірді. Әйелдер арасындағы жұптық сында Гозаль Айнитдинова мен Мария Таукумова финалда қарсыластары Гүлнәз Дөкей мен Жәмилә Тайтеліден 6:2, 6:4 есебімен басым түсті.