Теннистен Майами турнирі: Михаил Кукушкин үшінші айналымға шыға алмады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 159- ракеткасы Михаил Кукушкин Майами ATP Masters 1000 турнирінің үшінші айналымына шыға алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 13- ракеткасы, америкалық Тэйлор Фрицпен күш сынасты.

Екі сағаттан астам уақытқа созылған тартысты бәсекеде америкалық спортшы 6:3, 5:7, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

М.Кукушкин эйс жасамағанымен, 1 брейк-пойнттың пайдалана алды. Қарсыласы 10 эйс, 3 брейкпен (11 брейк-пойнт) көзге түсті.

Т.Фриц жүлде қоры 8,5 млн АҚШ долларынан асатын доданың үшінші айналымында тағы бір америкалық Томми Полмен кездеседі.

Қазақстанның әйелдер арасында бірінші, әлемнің 18- ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында украиналық Ангелина Калининамен бірге алғашқы айналымда швейцариялық Белинда Бенчич – хорватиялық Ана Конюхқа тартысты матчта 2:6, 7:6 (7:4), 7:10 есебімен жол берді.

Сондай-ақ Анна Данилина бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге испаниялық Паула Бадоса – Беларусь өкілі Арина Соболенкодан жеңіліп қалды – 3:6, 4:6.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның Майами турнирінің үшінші айналымына шыққанын, Юлия Путинцеваның екінші жеңісіне қол жеткізгенін жазған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар