Теннистен Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысы: Зарина Дияс финалға шықты
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші, әлемдік рейтингте 182-інші орында тұрған Зарина Дияс Францияның ашық чемпионаты - Ролан Гаррос турнирі іріктеу сайысының финалына шықты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» тілшісі.
www.myscore.ru сайтынан алынған мәліметке қарағанда, 23 жастағы Зарина жартылай финалда словениялық, әлемнің 198-інші ракеткасы Полона Херцогты 6:0, 6:3 есебімен ұтты. Енді ол финалдық матчтардың бірінде америкалық Бетани Маттек-Сандспен ойнайды. Биыл 32 жасқа толған әлемнің 116-ыншы ракеткасы Б.Маттек-Сандс - өте тәжірибелі спортшы. Егер оны жеңсе, Зарина Дияс 28 мамырда басталатын Ролан Гарростың негізгі турниріне жолдама алады.