Теннистен Жапониямен матч қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды

Анна Данилина
Фото: Olympic.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Токио қаласында Билли Джин Кинг кубогінің Жапония мен Қазақстан арасында іріктеу матчы қазақстандықтар үшін сәтсіз басталды.

Алғашқы болып әлемнің 79-ракеткасы Нао Хибино мен дүниежүзілік рейтингіде 939-орында тұрған Анна Данилина кортқа шықты.

Қазақстан құрамасының капитаны Юрий Щукин негізінен жұптық сынға маманданған А.Данилинаға сенім артқанымен, ол үміт ақталмады. Қазақстандық теннисші қарсыласынан 1:6, 0:6 есебімен ойсырай жеңілді.

Бұған дейін Жапония құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шығып көрмеген. «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы Наоми Осака матч алдында биыл құрамасының финалдық кезеңге шығатын мүмкіндігі барын мәлімдеді.

Енді Н.Осака мен Юлия Путинцева кездеседі. Содан кейін жұптық бәсеке жоспарланған. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бейбіт Жұқаевтың Мексикадағы жарыстың ширек финалына өткенін жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар