Теңіздегі трагедия: рохинджа босқындары арасындағы өлім-жітім рекордтық деңгейге жетті

АСТАНА. KAZINFORM - 2025 жыл рохинджа босқындары үшін ең қасіретті кезеңдердің біріне айналды. Бенгал шығанағы мен Андаман теңізінде шамамен 900 адам қаза тапқан немесе із-түзсіз жоғалған. Соңғы он жылда бұл суларда 5 мыңға жуық адам суға кеткен, деп хабарлайды Aljazeera.

мигранттар
Фото: Aljazeera

Адамдар Мьянмадан және Бангладештегі босқындар лагерлерінен қудалау, азаматтықтың жоқтығы және кедейлік салдарынан қашып жатыр. Тек 2026 жылдың өзінде қауіпті жолмен Малайзия немесе Индонезияға жетуге 2 800-ден астам адам әрекет жасаған.

Босқындардың жартысынан астамы – әйелдер мен балалар. Олар жиі адам саудасымен айналысатын топтардың құрбанына айналады. Жуырда Андаман теңізінде 250 адам отырған шамадан тыс жүктелген траулер суға батып, тек тоғыз адам ғана аман қалған.

Осыған дейін Италия жағалауында заңсыз иммигранттар мінген қайық аударылып қалғаны туралы жаздық.