Тері мен жүн өңдейтін 8 инвестициялық жоба іске асырылады
АСТАНА. KAZINFORM – Тері мен жүн өңдейтін 8 инвестициялық жоба іске асырылады. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров айтты.
– Тері мен жүн өңдеу бойынша өндірістік қуаттарды кезең-кезеңімен қалпына келтіру және жаңғырту жүргізілуде, - деді министр.
Оның дерегінше, 2025 жылы мынадай ірі нысандар пайдалануға берілді:
– Ақтөбе қаласында «Казфелтек» жылына 2,2 мың тонна жүн өңдеу жобасы (5,3 млрд теңге);
– Ақмола облысында «Агро Протеин» қуаттылығы 2,4 мың тонна азықтық қоспалар өндіру жобасы.
– Саланы одан әрі дамыту мақсатында 9,9 млрд теңгеге 8 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр. Олар қосымша 1,3 млн тонна өңдеу қуатын енгізеді. Осы жобалардың қатарында Тараз Желатин, ЭКО Клаб, Искефе Холдинг және КазЖелатин жобалары тері мен жанама өнімдерді терең өңдеуге бағытталған. Оларды іске асыру тағамдық желатин мен жемдік қоспалар өндірісін ұлғайтуға, және шикізат шығынын азайтуға мүмкіндік береді, - деді Айдарабек Сапаров.
Айта кетейік, еліміз әлемдік күнбағыс майы экспортында 8-орынға көтеріліп, жасымықтан дайын өнімді экспортқа шығара бастады.