Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Терактіден қанша адам зардап шекті?

«Новости» ақпарат агенттігі Ниццадағы террорлық әрекеттен зардап шеккендердің жалпы саны 303 адам екенін хабарлады. Бұл мәлімет Франция денсаулық сақтау министрлігінен алынған.

Терактіден қанша адам зардап шекті?

Министрліктің хабарламасында «14 шілде күні кешке қарай Ниццада болған террорлық актілер салдарынан 303 адам ауруханаға түсті. Оның 121-і әлі де емделіп жатыр. Олардың 30-ы жас балалар, барлығы да «Lenval» ауруханасында емделуде. Ал 25 адам әлі де жансақтау бөлімшесінде, оның бесеуі бала», - деп көрсетілген. Шілденің 14-інде кешкісін Ницца қаласының Ағылшын жағалауы аталатын демалыс орнында Бастилия қамалының алынуы күні мерекесіне байланыс¬ты ұйымдастырылған отшашуды тамашалауға келген халықты жүк көлігімен басып-жаншыған қайғылы жағдай орын алған болатын. Соның салдарынан 84 адам қаза тапқан еді.