Тереңкөл ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешені ашылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Павлодар облысындағы Тереңкөл ауылында дене шынықтыру және сауықтыру кешені салтанатты түрде ашылды. Оған облыс әкімі Болат Бақауов, спорт ардагерлері, орталықта еркін күрес, футбол үйірмелеріне қатысатын балалар мен ауыл тұрғындары қатысты, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
None
None

«Қашыр ауданы спорттық дәстүрімен, жетістіктерімен жоғары нәтижеге жеткен», - деді Болат Бақауов.

«Велоспорт, әсіресе хоккейдің алар орны ерекше, облыс көлеміне үлгі боларлық. Жас ұрпақты спортқа баулу үшін барлық жағдай жасалу керек. Мемлекет басшысы 2020 жылға дейін спортпен үздіксіз айналысатын тұрғындар үлесін 30 пайызға жеткізу жөнінде тапсырма берген. Бүгінгі күні біздің облыста спортты серік еткендердің саны 39,5 пайыз. Тапсырманы орындадық! Бүгінгі Тереңкөлдегі кешенді қосқанда 28 спорттық нысан іске қосылып отыр».

Облыс әкімі өңір тұрғындарын жаңа нысанның қолданысқа берілуімен құттықтап, қажетті спорттық құрал-жабдықтар алуға 1 млн теңгенің сертификатын табыстады.

Жаңа спорт кешенінің жалпы құны - 215 млн теңге. Нысанға жасанды төсеніші бар футбол алаңы, үлкен күрес залы кіреді. Құрлысты «Портал ПВ» ЖШС ай ішінде аяқтады.

«Осындай ірі спорт кешенінің ашылғанына қуаныштымыз», - дейді спорт шеберлігіне үміткер Айзара Бейсенбай.

«Бұрыңғы жаттығатын орынымыз тар, қолайсыз болды. Енді барлық жағдай жасалған үлкен залда шынығамыз. Осы жерден ел чемпионы болып шығу үшін барынша тырысамыз».

Спорт кешеннінің жанында орын тепкен футбол алаңындағы алғашқы матч Кашыр мен Железин аудандары құрамалары арасында өтті. Жолдастық кездесуге успендік футболшылар да келді.

Айта кетейік, футбол алаңын айнала жұмсақ жүгіру жолағы салынған.

Соңғы жаңалықтар