Тереза Мэй БҰҰ өкілдерін құлиеленушілікпен күреске шақырды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияның Премьер-Министрі Тереза Мэй халықаралық қауымдастық өкілдерін қазіргі заманғы құлиеленушілікпен белсенді күресуге шақырды. Ол таратқан мәліметтер бойынша, әлемде 45 миллион адам құл иеленуге әрекеттенушілердің құрбанына айналған, деп жазады ria.ru.
«Бүкіл әлем бойынша 45 миллион адам шектен шыққан қатыгездік пен қаталдыққа төзіп келеді. Сол себепті мен құлдықпен күреске бағытталған халықаралық деңгейдегі әрекеттерді белсенді жүргізуге бел буып отырмын»,-деді Тереза Мэй БҰҰ Бас ассамблеясының алаңында сөйлеген сөзінде.
Оның сөздерін Британия Үкіметі келтіріп отыр.
Тереза Мэй бұл бағыттағы жұмыстар бойынша халықаралық деңгейде тиімді ықпалдасып, заң талаптарын қатайтып, адам тасымалымен күресті күшейтіп, құлиеленушілерден зардап шеккендерге қолдау көрсету маңызды екендігін ескертті.
Ұлыбритания сонымен қатар, құлиеленушілік ерекше өршіп тұрған аймақтарда онымен күресті талапқа сай жүргізу үшін 33 миллион фунт стерлинг бөлмек. Бұл қаржының кем дегенде 5 миллион фунт стерлингі Нигерияға жіберіледі.
Британияда осы мәселе бойынша Премьер-Министрдің басқаруымен үкімет деңгейінде арнайы комиссия да құрылды.