Тереза Мэй Ұлыбританияның премьер-министрі қызметінде қалды

ЛОНДОН. ҚазАқпарат - Премьер-министр Тереза Мэй Солтүстік Ирландияның Демократиялық юнионистік партиясымен бірге коалициялық үкімет құру үшін Ұлыбритания патшайымы II Елизаветаның рұқсатын алды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі.

Тереза Мэй Ұлыбританияның премьер-министрі қызметінде қалды

«Енді мен анықтылықты қамтамасыз ететін және қиын-қыстау уақытта Британияны алға жетелейтін үкімет құрамын», - деді Мэй Даунинг-Стриттегі резиденцияда сөйлеген сөзінде.

Сондай-ақ, ол бұрын жоспарланғандай, Ұлыбританияның ЕО құрамынан шығу туралы келіссөздері 19 маусымнан бастап жүргізілетінін тілге тиек етті.

Бұл дегеніміз Мэй парламент сайлауында бірнеше орын жоғалтқанына қарамастан, премьер-министр лауазымын сақтап қалып, өзінің министрлер кабинетін құратынын білдіреді.