Терезені жабуды сұраймыз: Елордада масаға қарсы жұмыстар жүргізілуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елорда саябақтарында, гүлзарларда және шеткі аудандарда маса санын азайту бойынша жұмыстар жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Терезені жабуды сұраймыз: Елордада масаға қарсы жұмыстар жүргізілуде

«Нұр-Сұлтан қаласының Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты пайдалану басқармасы «Столичная дезинфекция» ЖШС-мен бірлесіп, ашық стацияларға, яғни саябақтарға, гүлзарларға, қаланың шеткі аудандарында өңдеу жүргізуде. Дезинсекциялық іс-шаралар масалар мен шіркейлердің санын азайтуға бағытталған», - деді әкімдіктен.

Жұмыстар биылғы 30 сәуірде басталды.

«Өңдеу кезінде қала тұрғындары мен қонақтарынан сақтық шараларын ұстануды сұраймыз. Атап айтқанда, жұмыс жүргізіліп жатқан тұста серуендемеу, дезмашина үйіңіздің алдында жұмыс істеп жатқан кезде терезелерді жабуды өтінеміз», - делінген ведомство хабарламасында.