10:14, 20 Шілде 2015 | GMT +5
Тергеу Ислам мемлекеті содырларының химиялық қару қолданғанын растады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританияда зерттеумен айналысып жатқан қару-жарақ саласындағы ұйым «Ислам мемлекеті» содырларының химиялық қару пайдаланғанын мәлімдеді, деп хабарлады CNN.
Conflict Armament Research (CAR) және Sahan Research мамандары Сирия мен Ирактағы үш снаряд жарылған орынды зерттеді.
Зерттеушілер снарядтан хлор мен химиялық фосфин тапты.
«Химиялық қару туралы конвенцияда» оқ-дәрілерді өндірген кезде кез келген химиялық затты пайдалануға тыйым салынады деп атап өтілген.
Бұдан бұрын Австралияда ИМ химиялық қару әзілеуде деп мәлімдеген болатын.