Тергеуші судьялар институтын енгізу соттардың сотқа дейінгі өндірісті бақылау рөлін арттырады - Н.Назарбаев
АСТАНА. 20 қараша. ҚазАқпарат - Тергеуші судьялар институтын енгізу соттардың сотқа дейінгі өндірісті бақылау рөлін арттырады. Бұл туралы бүгін ҚР Судьяларының VI съезінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев айтты.
«Соттық мамандануды дамыту бөлігінде біз тек қана бастапқы жолдамыз. Қазіргі уақытта, мәселен, сот алқабиі қызметінде іс жүзінде белсенді тәжірибе жинау маңызды. Тергеуші судьялар институтын енгізу соттардың сотқа дейінгі өндірісті бақылау рөлін арттырады», - деді Мемлекет басшысы. Елбасының атап өтуінше, еліміздің жаңа Қылмыстық және басқа да кодекстерінде жоғарыда аталған мәселе шешілуде.