Тергеушілер енді нарко және психдиспансерден анықтаманы онлайн режімде ала алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Тергеушілер енді нарко және психдиспансерден анықтаманы онлайн режімде ала алады. Жаңа қызмет туралы ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есеп комитетінің басшысы Бағдат Мусин Фэйсбуктегі парақшасында жариялады.
None
None

«Құқықтық статистика және арнайы есеп комитеті құқық қорғау органдары мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі нарко, психдиспанерлерінің дерек қорын біріктірді. Бұл ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің диспансерлік есеп базасын орталықтандыруы арқасында мүмкін болды. Енді елдегі тергеушілер бұл ақпаратты жұмыс орнынан шықпай алатын болады», - деді Бағдат Мусин.

Оның айтуынша, бұрынғы жүйе бойынша тергеушілер нарко, псих диспансерден құжатты арнайы сұратып, оны іске тіркеп отырған.

«2016 жылдың өзінде нақты бір тұлғаларға қатысты 120 мың іс тіркелді. Яғни, тергеушілерге нарко-психо диспансерлерге 120 мың рет барды. Енді интеграцияның арқасында тергеушілер ең аз дегенде 120 мың рет шығынданбайтын болады. Бір рет барғанда іс біте қойса жақсы, кейде диспансер қызметкерлерінің де уақыты бола бермейді ғой. Нақтыланбаған деректер бойынша, шамамен бір рет барғанда 3 262 теңге шығын болады. Ауылдық тергеушілерді айтпағанның өзінде, 3 262 теңгені 120 000 көбейтсек, мемлекет қаржысынан жылына 400 000 000 үнемдеуге болады», - деді Б.Мусин.

null 

Ал, оқуға түсетіндер немесе жұмысқа тұратын азаматтар аталған анықтаманы қалай алатыны әзірге айтылмай отыр.

Соңғы жаңалықтар