Тергеушілер «Севол» кемесінің апатқа ұшырау себебін атады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тергеушілер Оңтүстік Кореяның батыс жағалауында «Севол» кемесінің апатқа ұшырауына жол бағдарының дереу өзгертілуі себеп болды дейді. Бұл туралы РИА Новости Ренхап агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Тергеушілер «Севол» кемесінің апатқа ұшырау себебін атады

Тергешілер тобы БАҚ өкілдерімен тергеуаралық нәтижелерімен бөлісті. Олардың анықтауынша, 6825 тонналы кеме Джиндо аралының маңындағы тар арнадан өтіп бара жатып, 15 градусқа шұғыл бұрып жіберген, салдарынан кеме қисайып, аударылды. Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылдың 16 сәуірінде бортында 476 жолаушысы бар паром Оңтүстік Кореяның жағалауында айналдырған екі сағаттың ішінде аударылып, суға батып кеткен. Олардың ішінде негізінен оқушылар мен мұғалімдер болған. 172 адам құтқарылса, 281 адам ажал құшты. Тағы 23 жолаушы із-түссіз жоғалғандар қатарында. Кеменің апатқа ұшырауына қатысты кемеге иелік еткен "Чонхэчжин" компаниясының 20 шақты адамы тұтқынға алынды. Олар қауіпсіздік шараларын сақтамағаны үшін және сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп айыпталуда. Іс материалдары бойынша, кеменің капитаны апат кезінде жолаушылардан қалмай кемені бірінші тастап қашып кеткен. Оның кінәсі дәлелденсе, ол өмір бойы бас бостандығынан айырылуы мүмкін.