Тергеушілер Сочи әуежайында шассиінің бөлігін жоғалтқан ұшақты іздестіруде

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тергеу комитеті Сочи әуежайынан ұшар кезде шассиінің бір бөлігін жоғалтып алған ұшақты іздестіруде.

Тергеушілер Сочи әуежайында шассиінің  бөлігін жоғалтқан ұшақты іздестіруде

Бұдан бұрын шассиінің тежегіш дискісін Тюменьге аттанған ұшақ қалдырған деп хабарланған болатын. Бірақ ол судно бүтін болып шықты.

Эксперттер кеше Сочиден Тюменьге ұшып келген Ту-204 ұшағын тексерді. Бірақ Red Wings авиакомпаниясының борты бүлінбеген, деп хабарлайды РИА Новости.

Шасси бөлігі кеше таңертең Сочи эуежайының ұшу-қону жолағында табылды. Бірақ қай ұшақтан қалғаны белгісіз болып отыр.