Тергеушілер Юн Сок Ёльдің резиденциясына тағы да тінту жүргізе алмады

АСТАНА. KAZINFORM — Операцияның мақсаты ол пайдаланған телефонның жазбаларын алу болды, деп хабарлайды Yonhap ақпарат агенттігі. 

Следователям вновь не удалось обыскать офис и резиденцию Юн Сок Ёля
Фото: Yonhap

Тергеушілердің сәрсенбі күні әскери жағдай енгізуге қатысты істі тергеу аясында президент кеңсесі мен резиденциясын тінту әрекеті сәтсіз аяқталды. 

Импичмент жарияланған президент Юн Сок Ёльге қарсы істі тергеп жатқан Сыбайлас жемқорлықты тергеу бас кеңсесі (CIO) президент кеңсесі сот тінту жүргізу ордерін орындауға жол бермегенін хабарлады. 

CIO қызметкерлері президент кеңсесінен сағат 15:00 шамасында (жергілікті уақыт бойынша), ал резиденциядан кешкі сағат 17:00–ге қарай, бұл нысандарға келгеннен кейін бірнеше сағат өткен соң шықты. 

CІO мәлімдеуінше, тінтудің мақсаты Юн Сок Ёль пайдаланған телефон, компьютерлер мен басқа да электронды жабдықтардағы жазбаларды, сондай-ақ оның 3 желтоқсанда соғыс жағдайын енгізуіне қатысты құжаттар мен жиналыс хаттамаларын алу мақсатында жүргізілген.

Дүйсенбіде полиция Президенттің қауіпсіздік қызметі мен Юн Сок Ёль ұлттық және Сеул полициясының басшыларымен соғыс жағдайын енгізу жоспарын талқылау үшін кездескен «қауіпсіз үйде» тінтуді жүзеге асыра алмады. 

Тергеушілер Юн Сок Ёль әскери жағдайды жариялағанға дейін және одан кейін ғимаратқа кірген адамдарды анықтап, олар қандай нұсқаулар алғанын анықтау үшін бақылау камерасының жазбаларын алғысы келді.

Еске сала кетсек, сейсенбіде қамауға алынған Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль сейсенбі күні әскери жағдай енгізгені үшін оған жарияланған импичментті қарауға арналған тыңдауға қатысты. Ол импичмент бойынша сотқа өзі қатысқан тұңғыш президент болды.

Соңғы жаңалықтар