Термезде Ауғанстанда зардап шеккен Қазақстан азаматтарын құтқару үшін шұғыл шаралар қолданылуда
ТАШКЕНТ. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ - Өзбекстан төтенше жағдайлар министрлігі Термез ауруханасында жатқан Қазақстан азаматтары денсаулығының жай-күйі туралы ақпарат берді.
Ресми деректер бойынша зардап шеккен алты адамның үшеуінің жағдайы тым ауыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұған дейін хабарланғанындай, маусымның 22-сінде Ауғанстанда болған жол-көлік оқиғасы салдарынан Қазақстанның алты азаматы зардап шекті. Одан кейін олар Өзбекстанның Термез қаласына жеткізілген болатын.