«Терминатор» қайтадан түсіріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Терминатор» фильмі жаңа нұсқада түсірілмек. Бұл туралы kinostan.kz сайты хабарлады.
Сайттың мәліметінше, Жаңа "Терминаторда" Джай Кортни ойнайтын болды. Ол Джон Коннордың әкесі - Кайл Ризді сомдауы тиіс.
"Терминатор: Әлқисса" ("Terminator: Genesis") деп аталатын фильмді Алан Тейлор түсіреді. Қазір Сара Коннар рөлінде - Эмилия Кларк ("Тақтар ойыны"), Джон Коннор рөлінде - Джейсон Кларк ("Ұлы Гэтсби", "Түнгі қараңғылық", "Заңсыз") ойнайтыны белгілі.
"Terminator: Genesis" жаңа трилогияның басы болмақ. Арнольд Шварценеггер өзінің атақты образына оралады деп күтілуде.
Айта кетейік, фильм 2015 жылдың жазында прокатқа шығуы тиіс.