«Тернер 2014» сыйлығы британиялыққа табыс етілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Тегі Ирландиядан шыққан британиялық видеосуретші Дункан Кэмпбэлл 40 мың доллар сыйақысы бар «Тернер 2014» сыйлығын жеңіп алды, деп хабарлады ВВС.
Ол «It for Others» видеофильм сериясы үшін аталған жеңіске лайық деп танылды. Онда Кэмпбэл Африканың дәстүрлі өнері мен Солтүстік Ирландиядағы қақтығысты үндестіре білген. Өнертанушылар арасында ХІХ ғасырдағы Британ суретшісі Тернердің құрметіне берілетін аталған сыйлықтың төңірегінде дау көп. Өйткені, онда дәстүрлі емес өнер насихатталады, дейді өнер зерттеушілері. Бұған дейінгі лауреаттардың бірі Дэмиен Херст өлім туралы еңбектерін ұсынып, жеңімпаз атанған.