Терроризмді қаржыландыруға қарсы заң жобасына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға қатысты құжат Мәжіліске қайтарылды

АСТАНА. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Парламент Сенатының жалпы отырысында депутаттар «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда қарап, Мәжіліске қайтарды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. Аталмыш құжат Сенаттың талқылауына ұсынылып отырған «Заңсыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» заң жобасының талаптарының орындалуын қамтамасыз етеді. Заң жобасының бірқатар баптары мониторинг жүргізуге жататын органдардың өздері жүргізгелі отырған және мониторингілеуге жататын операциялар жөнінде құзырлы органды дер кезінде хабардар етуге мәжбүрлейді. Құжат күшіне енетін болса, еліміздің Азаматтық, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы, Кеден кодекстері мен қаржы мониторингіне жататын органдардың қызметін реттейтін заңдарға бірқатар өзгерістер енгізілетін болады. Жалпы құжат еліміздің Конституциясының талаптарына қайшы емес және «Нормативтік құқықтық актілері туралы» заңы мен өзге де құжаттарына сәйкес. Осыған орай депутаттар оны бірінші оқылымда мақұлдап, екінші оқылымда оған бірқатар өзгерістер енгізу қажет болған соң Мәжіліске қайтарды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум