«Терроризмді ымырасыз басуға мемлекеттің мүмкіндігі жетеді» - республикалық басылымдарға шолу

ТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 15 қараша, сейсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.
None
None

***

Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан На­зар­баев­тың төрағалығымен діни экстремизм және терроризммен күрес мәселелері жөнінде кеңес болып өтті. осыған орай «Егемен Қазақстан» газетінде «Терроризмді ымырасыз басуға мемлекеттің мүмкіндігі жетеді» деген тақырыппен мақала жарияланды. Жиын барысында Елбасы «Ең алдымен, мен қаза бол­ған­дардың отбасылары мен туыс-туғандарының қайғысына ортақ­та­сып, шын жүректен көңіл ай­тамын. Біз олардың қайғыларын бөлісеміз. Бұлар өздерінің қыз­мет­тік борышына адалдық та­ныт­ты, азаматтарды лаңкестен қор­ғады. Ішкі істер министрлігіне, облыстағы жергілікті атқару­шы органдарға қаза болған­дар­дың отбасылары мен балалары үшін қажетті нәрсенің бәрін жасап, оларға жан-жақты көмек көрсетуді тапсырамын», - деп баса айтқан.

«Егемен Қазақстан» газетінің жазуынша, Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалығымен кеше Үкіметте өткен селекторлық кеңесте екі мәселе қаралды. Оның біріншісі - көп пәтерлі тұрғын үйлерді жөндеудің тетіктерін жүзеге асыру барысы туралы еліміздің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің төрағасы Серік Нокин баяндады. Күн тәртібіндегі екінші мәсе­ле бойынша қысқы жылыту мау­сымына дайындық жұмыстары­ның нәтижелері қаралды. Осы мәселеге қатысты ескеретін бір­қатар проблемалар анықталып, оларды жоюдың жолдары белгіленді. «Аталған мәселелерді қоры­тын­дылаған Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәселеге жауап беретін адамдарға мұндай ма­ңыз­ды істерді күні бұрын қолға алып, алдын-ала жүргізу қажет­тігін ескертті. Сонымен қатар мәселелерді тыңғылықты реттеу жөнінде тиісті орындарға тап­сыр­малар берді», - деп жазады басылым.

***

«Алаш айнасы» газетінің тұрақты «Дат!» айдарында ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, химия ғылымының докторы, профессор Еділ Ерғожинмен арадағы сұхбат «Мен ғалым болып жаратылған адам емеспін» деген тақырыппен берілген. Басылым тілшісінің барлық сауалдарына тұщымды жауап берген ол: «Біз қазірде ілім-білімге, ғылыми өрлеуге, жаңашылдыққа барынша ден қойып, қолдау көрсетіп отырған елміз. Байыптап қарасақ, сонау Тәуелсіздік алған жылдардан бері Үкімет тарапынан ғылымды қолдау, ғалымдарға ықылас-пейіл бөлу үрдісі басым. Мұны мойындауымыз керек және бұған асқан ризашылығымызды білдіргеніміз жөн», - дейді.

«Вильнюсте самбодан мерейлі 25-ші әлем чемпионаты аяқталып, қазақтың талантты балуаны Ерболат Байбатыров тұңғыш рет төрт дүркін әлем чемпионы атанды. Бұл бұрын-соңды қазақ спортында болмаған ерен жетістік», - деп қуанышты жаңалықпен бөліседі «Алаш айнасы» газеті. Сонымен қатар 52 келіде белдескен Медет Оңдағанов күміс, 68 келіде боз кілемге шыққан Асылбек Әлкей қола жүлдені иеленген. Басылымның атап өтуінше, ҚР Самбо федерациясының президенті Мүсілім Оңдағанов Вильнюстегі қазақ самбошыларының бұл жетстіктерін ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнап отыр. Мақала «Қазақтан тұңғыш рет төрт дүркін әлем чемпионы шықты» деген тақырыппен берілген.

***

«Айқын» газетінің жазуынша, кеше зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапханада нүктелі-бедерлі қаріпте және халықаралық DAISY (қолайлы сандық ақпараттық жүйе) форматында жазылған Мұхтар Әуезовтің «Қилы заман» повесінің тұсаукесері өткен. Басылымды «Әлем әдебиеті классиктерін Брайль қарпінде оқимыз» атты қазақ пен қырғызаралық жоба Әуезов қорының қолдауымен жарыққа шығарған. Яғни жоба Қазақстан мен Қырғызстан елдерінің зағип мамандарының қатысуымен іске асырылған.

«Еліміздегі инвестициялық белсенділікті ынталандыру және экспорттық потенциалды дамыту үшін қайтпек керек? Қазақстанға сырттан құйылып жатқан қаржы экономикамызды қаншалықты қарыштатады? Билік партиясының бас ғимаратында өткен дөңгелек үстелде осы тектес сұрақтарға жауап берілді», - деп жазады «Айқын» газеті. Бұл жайында егжей-тегжейлі басылымның сейсенбілік санындағы «Нұр Отан»: инвестиция - бұл біздің болашағымыз» деген тақырыптағы мақаладан біле аласыздар.

***

«Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Мәдениет министрі Құл-Мұхаммедті қабылдады», деп жазады «Казахстанская правда» газеті. Басылымның атап өтуінше, М. Құл-Мұхаммед Президентті «Мәдени мұра» бағдарламасын, тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеуді өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның жалпыұлттық жоспарын, облыстардың мәдениет күндерін және өзге де министрлік қызметінің басым бағыттарын іске асыру барысынан хабардар етті.

Соңғы жаңалықтар