Терроризмге қарсы көпжақты стратегиялық әрекеттерді қабылдау үшін әлем болып жұмылатын уақыт келді - Амаль Абдалла Аль-Кубейси

АСТАНА. ҚазАқпарат - Терроризмге қарсы көпжақты стратегиялық әрекеттерді қабылдау үшін әлем болып жұмылатын уақыт келді. Бүгін Астанада «Діндер терроризмге қарсы» атты халықаралық конференция барысында сөз сөйлеген Біріккен Араб Әмірліктері Федералды ұлттық кеңесінің төрайымы доктор Амаль Абдалла Аль-Кубейси осылай мәлімдеді.
None
None

«Терроризм адамзат өркениетіне үлкен қатер төндіріп келеді. Біздің алдымызда терроризмнің барлық түрлерін түбегейлі жою үшін қолдан келгенше жүзеге асыратын адамгершілік, этикалық жауапкершіліктер тұр. Әйтпесе, біз жарқын болашақты қамтамасыз ете алмаймыз. Біз терроризммен күресте қолымыздан келетін барлық күштерді жұмылдыруға тиіспіз. Терроризмге қарсы көпжақты стратегиялық әрекеттерді қабылдау үшін әлем болып жұмылатын уақыт келді», - деді Амаль Абдалла.

Оның айтуынша, террорлық актілер аса қауіпті аурулар белгілерін көрсетіп отыр. Осыған орай, спикер бұндай «белгілерді» жойып, оларды түбірімен жою шараларына назар аударды. «Әрине, бізге белгілісі аурудың белгілері ғана. Ал оның шығу төркініне келер болсақ, олар: кедейшілік, білімсіздік, басқаларды сыйламау, төзімсіздіктің жоқтығы. Сондықтан да, біз терроризммен күрес туралы айтсақ, онда осындай түбірлерге қарсы кең ауқымды шараларды қолға алуға тиіспіз. Мәселен, соның бірі кедейлікті жою. БҰҰ деректеріне сәйкес, бүгінгі таңда әлемде 830 млн-нан астам адам кедейліктің шегінде өмір сүруде. Жұмыс істеп, күніне тек екі долларға нәпақа табатындар саны қаншама. Ал бір долларға күнелтетін кедей халықтың басым бөлігі Азияның оңтүстік бөлігінде, Африкадағы Сахарада тұрып жатыр. Бұл адамзаттың алдындағы зор қасірет», - деді Амаль Абдалла.

Соңғы жаңалықтар