Террорлық қылмыстар жасағаны үшін айыпталған қазақстандық Ауғанстаннан экстрадицияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстаннан террорлық топты құру, басқару, оның қызметін қаржыландыру және Атырау облысы аумағында террорлық қылмыстар жасағаны үшін айыпталған қазақстандық экстадицияланды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

«Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жәрдемімен азамат «З» Қазақстанға экстрадицияланды.

Ол террорлық топты құру, басқару, оның қызметін қаржыландыру және Атырау облысы аумағында террорлық қылмыстар жасағаны үшін айыпталуда. 2011 жылдан бастап іздеуде болды», деп атап өтілген хабарламада. 

Осыдан бұрын, Ауғанстан Ислам Республикасының құзырлы органдары бұл азаматты қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін ұстап беру туралы Қазақстан Бас прокуратурасының сұранысын қанағаттандырған еді.

Жыл басынан өзара келісім қағидаты негізінде Ауғанстаннан Қазақстанға екі тұлға экстрадицияланған.

Соңғы жаңалықтар