Терроршыл ұйымның мүшесі екені анықталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Балтамен және пышақпен қаруланып, Германияның Бавариясында жолаушылар пойызына шабуыл жасаған 17 жастағы ауғандық «Ислам мемлекеті» терроршыл тобының мүшесі болып шықты.

Терроршыл ұйымның мүшесі екені анықталды

Бірқатар агенттіктерде орналастырылған ақпараттар бойынша, оның пәтерін тінту кезінде аталған экстремистік ұйымға қатысы барлығын айғақтайтын құжаттар табылған. Құжаттар алынып, талдау жасау үшін тиісті орындарға берілген. Баварияның ішкі істер министрі Иоахим Херрманн кеше ауғандық жалға алған пәтерден «Ислам мемлекетінің» жалауы табылғанын мәлімдеді. Қаскүнемнің шабуылынан төрт жолаушы жараланды. Оқиға орнына жеткен полицейлер оны бой тасаламақ болғанда атып өлтірген.