Tesla сатылымы төмендеп барады

АСТАНА.KAZINFORM — Tesla сатылымы Германияда құлдырауын жалғастырып отыр, деп хабарлайды DW.

Tesla сатылымы төмендеп барады
Фото: DW

Бұл 2025 жылдың тамызына арналған Федералдық автокөлік агенттігінің (KBA) есебінен белгілі болды. Аталған айда Германияда Tesla маркалы небәрі 1441 электромобиль тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 39 пайызға аз.

Сонымен қатар басқа электр көліктеріне сұраныс бұрынғысынша жоғары болып отыр: олардың сатылымы жалпы 45,7 пайызға өсіп, 39 367-ге жеткен. Бұл шамамен әрбір бесінші жаңа көлікке тең. Нарықта неміс өндірушілері, ең алдымен Volkswagen басымдық танытты.

KBA есебіне сәйкес, қытайлық көліктер – BYD пен MG секілді брендтер – ЕО енгізген жоғары баж салығына қарамастан Tesla-ны қуып жетіп немесе тіпті басып озуда.

Тesla сатылымдарының айтарлықтай құлдырауы бүкіл Еуропада байқалады, әсіресе Франция мен Швецияда. 

Айта кетелік Трамптың кесірінен Tesla компаниясы тек баж салығына бола 300 млн доллар жоғалтқан еді

 

Соңғы жаңалықтар